Жаңалықтар

Шымкентте студенттерді соққыға жыққан ұстаздың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Білім ордасының басшылығы да мән-жайды анықтау үшін ішкі тексеру жұмысын бастады

 Жанжалға студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі себеп болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шәкірттердің айтуынша, осыған ызаланған директордың орынбасары оларды жертөлеге кіргізіп, аяусыз соққыға жыққан.

Колледж  директорының орынбасары бұл айтылғанның бәрін жоққа шығарды. Айтуынша, бұл студенттер білім ордасында бұзақы әрекеттерімен танылған. 

Ұстазынан таяқ жеген екі студенттің бірі қазір ауруханада жатыр. Оған миы шайқалған және түрлі дене жарақатын алды деген диагноз қойылған.