Жаңалықтар

Шымкентте тұтынуға жарамсыз, қауіпті энергетикалық сусын өнідірілген

Шымкентте тұтынуға жарамсыз, қауіпті энергетикалық сусын өнідірілген

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар, сондай-ақ лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер секілді құрғақ қоспалар тәркіленді. Тәркіленген сусын құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы анықталған. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.