Жаңалықтар

Шымкентте қытайлық дәрі-дәрмектен уланған әйел өлім аузынан қалды

Шымкентте қытайлық дәрі-дәрмектен уланған әйел өлім аузынан қалды

Аллергия салдарынан 54 жастағы әйел жансақтау бөліміне түскен, деп жазды Otyrar.kz. Оның денесінің 90 процентін іріңді жара басып, қызуы көтерілген. Жүрегі айнып, басы ауырған әйел дәрігерлер көмегіне бесінші күні жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, ол түрлі қытайлық дәрі-дәрмек пен жақпамайларды пайдаланған. Қазір әйелдің жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер өздігімен емделудің салдары ауыр болатынын ескертеді.