Жаңалықтар

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел құтқарылды

№2 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінде операция кезінде жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді дер кезінде дәрігерлер аман алып қалды

Шымкент қаласында  жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

№2 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінің дәрігерлері әйелге қатты қан кету және үшінші дәрежелі геморрагиялық шок деген диагноз қойды.

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін әйелге қан кетуді тоқтату үшін операция жасалды. Дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда.

й