Шымкентте жол ортасында билеген блогер жазаланды
Шымкентте жол ортасында билеген блогер жазаланды
Көшеде билеген блогер жазаланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында қалалық ПД қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтаған. Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. "Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны. Бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Дереккөз: Тенгри ньюс