Жаңалықтар

Шымкентте қуанышты жаңалық: алғашқы үшем дүниеге келді

The final spritzer

Шымкент қаласында 2025 жылдың алғашқы үшемі дүние есігін ашты

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

22 жастағы Жамиля қос ұл мен бір қызды өмірге әкелді. Сәбилердің салмағы – 2 770, 2 410 және 2 095 грамм. Бұл – жас отбасының тұңғыш перзенттері.

Дүниеге мерзімінен бұрын келген нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары ерекше күтім жасады. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты.

 

Бақытжан Бекболат