Жаңалықтар

Шымкенттік әйел таксиде босанды

Шымкенттік әйел таксиде босанды

Yandex Go жүргізушісі Алиер Маккамовтың айтуынша, оқиға кеше түнде болған.

Кезекті тапсырыс кезінде жүктиі әйел екі кішкентай баласымен салонға отырған. Бірнеше минуттан соң толғағы басылған. «Мен оған ауруханаға баруды ұсындым, бірақ ол бас тартты. Үйіне бару керектігін айтты. Сосын жедел жәрдем шақырып, мамандардың келуін күтуді жөн көрдім. Осы кезде әйелдің суы кетті», - деді жүргізуші. Жолаушы көлік салонында босанған. Біраз уақыттан кейін жаңа туған нәрестемен анасына жедел жәрдем жеткен. Әйел мен сәбидің жағдайы жақсы екені хабарланды.