Жаңалықтар
«Қар жауып, - 8 градус дейін аяз болады»: Биыл Оңтүскке қыс ерте түседі
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
- 347
5-7 қараша күндері оңтүстік аймақта қар жауады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде күн суытып, қар жауатынын ескертіп отыр, деп хабарлады Jambylinfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері нөсер жауынның арты қарға ұласып, 12 градусқа дейін аяз болады.
«5-7 қараша күндері ел аумағында күн райы тұрақсыз болады. Ауа қысымы тез өзгеріп, жауын-шашын, қар жауып, екпінді жел соғып, тұман түсуі ықтимал. 6-7 қараша республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді», делінген Қазгидромет хабарламасында.