Жаңалықтар

Синоптиктер ескертеді: Ертең Қазақстанның барлық өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі

The final spritzer

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, 10 мамырда еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жетісу облысы – солтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарда найзағай болжанған. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысы мен таулы бөліктерінде 15–20 м/с жылдамдықпен, ал күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қауіпі күтіледі, ал батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы – батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел таңертең және күндіз 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысы – таулы аймақтарда найзағай болжануда. Батыстан соғатын жел күндіз тау асуларында 15–20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Жоғары өрт қаупі бар, ал батысы мен шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында – жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы – найзағай және күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Астана қаласы – күндіз кей уақытта найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел кей сәттерде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы – батыс және солтүстігінде найзағай мен күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы – солтүстік және шығыс бөліктерінде қатты жаңбыр мен бұршақ болжануда. Түнде найзағай, күндіз найзағай мен жел күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысы – солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысы – жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы – күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысы – батыс, солтүстік және орталық бөліктерде найзағай, түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы – таулы аудандарда қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ болжанған. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Алматы қаласы – түнде найзағай болжануда, найзағай кезінде шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай облысы – найзағай, күндіз солтүстік және шығыс бөліктерде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы – оңтүстігінде және таулы аудандарда найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыстырып, күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы – найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы – орталық бөлігінде найзағай мен дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15–20 м/с дейін күшейеді. Орталық және шығыс аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысы – солтүстік және шығыс бөліктерде найзағай болжанған. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райына байланысты ескертулерге назар аударуды ұсынады.