Жаңалықтар

Сирияда уақытша президент тағайындалды

Бұл туралы Араб Республикасының мемлекеттік ақпарат құралдары мәлімдеді

 Сирияның іс жүзіндегі лидері және «Хайят Тахрир әш-Шам» тобының жетекшісі Ахмед әш-Шараа елдің өтпелі кезеңдегі президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Әш-Шараа бастаған көтерілісшілер желтоқсанның басында шабуылға кірісіп, Башар Асад режимін құлатты. Содан кейін бұрынғы дала командирі Сирияның жаңа үкіметінен өкілеттілік алды. 

Әш-Шараа Сириядағы жағдайды ауған тәліптерімен салыстырмауға шақырды. Сонымен қатар, ол әйелдер құқығын таптамауға, білімді баршаға қолжетімді етуге және исламшыл топтарды қарусыздандыруға уәде беріп отыр.