сенбі, 23 қараша, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сіз қандай диалект қолданасыз?

Сіз қандай диалект қолданасыз?
ашық дереккөзі
Сіз қандай диалект қолданасыз?
Қазақ халқының тілі — әлем тілдері арасында ең ең бай Ғалымдардың пікірінше, қазақ тілінде 600 мың сөз бар. Айта кетерлігі, қазақ тілі ауызекі әңгімеде бір-бірінен бөлектенетін, жергілікті жұрттың тұрмысында ғана қолданылатын диалект сөздерге де бай. Тіпті сөзді былай қойыңыз, сөйлеу мәнерінен, әңгіме мақамынан-ақ кімнің қай облыстан, қай өңірден екенін дөп басуға да болады. Белгілі бір өңірлерде ғана қолданылатын ондай сөйлеу мәнері мен сөздер, сөз тіркестері кейде адамдардың түсінбеушілігін тудырса, кейде қызықты оқиғаларға себеп болып жатады. Батыс пен шығыста, оңтүстік пен солтүстікте, орталықта қолданылатын осындай ерекше сөздерді топтап көрдік. Қияр: Әгүршік — Шығыс Қазақстан Бәдірен — Оңтүстік Қазақстан Пияз: Сарымсақ -Семей, Павлодар Жуа — Ақтөбе, Қызылорда Өсімдік майы: Сумай — Алматы Сұйық май — Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Алматы Шағу май — Батыс Қазақстан Шемішке май — Орталық Қазақстан, Атырау Сүлгі: Сулық — Батыс Қазақстан Шашық — Оңтүстік Қазақстан Орамал — Орталық Қазақстан Кесе: Шыны — Алматы Пиала — Оңтүстік Қазақстан Кәсе — Батыс Қазақстан Шара: Табақ — Батыс Қазақстан Шылапшын — Батыс, Оңтүстік Қазақстан Кірші — Алматы Жеңге: Жеңеше — Қызылорда Тәтай апа — Батыс Қазақстан Жише — Оңтүстік Қазақстан Дише — Тараз Өзінен үлкен әйел адам: Көке — Талдықорған, Қарағанды Апа — Батыс Қазақстан, Қостанай, Жезқазған Әпше — Оңтүстік Қазақстан Тәте — Орталық, Солтүстік Қазақстан, Алматы Апай — Шығыс Қазақстан Әпкей — Тараз Бір қызығы, тәте деп Жамбылда, Павлодарда, Орал мен Шымкентте ер адамға қаратып айтатын болса, бұл сөз еліміздің өзге өңірлерінде жасы үлкен әйелдерге қатысты қолданылады. Сіріңкенің де кейбір облыстарда атауы өзгеріп кетеді: кеуірт, шырпы, оттық. Ер адам киетін жейде десеңіз барлық аймақта бірдей түсіне бермейді, кейбір өңірлерде бұл — көйлек.Қантты батыста секер, оңтүстікте құмшекер деп атайды. Сонымен қатар, еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары не зат (не?), нән (үлкен), көпшік (жастық), құрттай (кішкентай), кіл (ылғи), зілдей (ауыр), мана (бағана) және т.б. диалект сөздерді жиі қолданылады. Сым (шалбар), бедіре (шелек), әңгелек (қауын), дарбыз (қарбыз), ашық-машық (топса), бопты (болды), тұқым (жұмыртқа) деген сөздерді Оңтүстікте естисіз. Ал Алматы жақтың тұрғындары ожауды қолбақыр деп те атайды. Шығыс жақтың қазақтарынан жоян (жуан), картопия (картоп), неме (немене?), көп-көрім (тәп-тәуір) секілді сөздерді естісеңіз таң қалмаңыз. Ал әйдік (үлкен), дөкей (мықты), тақ (орындық) секілді сөздерді жиі қолданатын адамды кездестірсеңіз, ол солтүстік өңірдің, ол солтүстік өңірдің тұрғыны болуы ғажап емес. Ең қызығы, еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан қазақстандықтар бір-бірімен еш қиындықсыз түсініседі. Әр өңірде қолданылатын ерекшеліктер қазақ тілінің қаншалықты бай тіл екенінің көрсеткіші ғана. Ал сіз қандай диалект қолданасыз?
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар