Жаңалықтар

"Сіз кімсіз, бетперделі жігіт?": Жұмбақ жігіт тағы бір отбасына үй сыйлады

The final spritzer

Бетперделі жомарт жігіт бұл жолы 16 жастағы Айнұр есімді қыздың арманын орындаған

Әлеуметтік желіде қара бетперде киіп қайырымдылық жасайтын белгісіз жігіт тағы бір отбасына қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жұмбақ әрі жомарт жігіт бұл жолы мүмкіндігі шектеулі  16 жастағы Айнұр есімді қызға көмекке келді. 

Айнұрдың айтуынша, әжесі екеуі жалдамалы пәтерде тұрады. Ал анасы үш айлық сәби кезінде тастап кеткен екен.

Бетперде таққан жігіт Айнұрдың ем-домына ақша ұсынып, баспана сыйлады. 

Мұндай сый күтпеген қыз қуаныштан жылап жіберді.