дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өскеменде қаңтар оқиғасында халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға үкім шықты

Өскеменде қаңтар оқиғасында халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға үкім шықты
ашық дереккөзі
Өскеменде қаңтар оқиғасында халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға үкім шықты
Қаңтар оқиғасы кезінде Өскемен тұрғындарын жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға қатысты сот үкімі шықты. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам қаңтар оқиғасында Өскемен халқын жаппай тәртіпсіздікке баруға үндеген. Оның ісі қалалық сотта қаралып, 22 қыркүйек күні үкім шықты. «Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 3-бөлігі, яғни «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша сотқа тартылған. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, істі жеңілдететін мән-жайлардың болмауына байланысты сотталушыға 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар