дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өскеменде алғаш рет алимент төлемеген адам түрмеге қамалды

Өскеменде алғаш рет алимент төлемеген адам түрмеге қамалды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады

Шығыс Қазақстан облысында  43 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шығыс Қазақстанда мұндай жаза бірінші рет қолданылып отыр.

«Ол өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерге қарамастан еш әрекет етпеді. Сондықтан сот органдары оған қатаң шара – бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл жағдай алимент төлеу бойынша міндеттерін жүйелі түрде орындаудан жалтарып жүрген адамдарға қандай санкциялар қолданылатынын көрсетед. Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан.і», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс сотқа жолданған.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар