Жаңалықтар

Өскеменде бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түнде Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, 15 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпығанымен, өрт дер кезінде сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.