Жаңалықтар

Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Белгілі болғандай, бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр. “№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі”, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.