Жаңалықтар

"Әскерде нөлдік өлім-жітім" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобы құрылады

"Әскерде нөлдік өлім-жітім" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобы құрылады

Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары, ардагерлер ұйымдары, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері, психологтар тартылмақ. "Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толық жою болуға тиіс", - дейді ведомство. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырған болатын.