дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскери билетті цифрландыру жобасы нақты қашан іске қосылады?

Әскери билетті цифрландыру жобасы нақты қашан іске қосылады?
ашық дереккөзі
Әскери билетті цифрландыру жобасы нақты қашан іске қосылады?
2023 жылы бірінші жарты жылдықта әскери билетті цифрландыру жобасын іске қосамыз. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин айтты, деп хабарлады Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде Қорғаныс министрлігімен әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Болашаққа жоспарларымыз бар. Құжаттарды цифрландыру бойынша жұмысты бастадық, - деді басқарма төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Ростислав Коняшкин қазақстандықтар цифрлық құжатты нақты қашан алатынын түсіндірді.
Ббұл жұмыс (әскери билетті цифрландыру, – автор) келесі жылы іске асырылады. Қазір приоритет бойынша басқа міндеттерді қолға алып жатырмыз. Менің ойымша, жобаны 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында іске асырамыз, - деді басшы.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскери билет 1 күнде берілетінін хабарлаған еді. Сонымен қатар, Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтемегендерге әскери билет берілмеуі мүмкін.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар