сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 18:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскери гарнизондар Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзия челленджіне қатысты

Әскери гарнизондар Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзия челленджіне қатысты
Фото: Видеодан скриншот
Іс-шара мұзбалақ ақынның 95 жылдығына орай өтті

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған поэзия челленджіне еліміздің барлық әскери гарнизондары белсенді қатысты. Тағылымды бастама аясында әскери қызметшілер ақиық ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылығына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Челленджге қатардағы жауынгерлерден бастап генералдарға дейін, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен әскери оқу орындарының курсанттары қатысты. Қатысушылар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, ақын поэзиясының рухани құндылығын насихаттады.

Жыр эстафетасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблі ерлер хорының орындауындағы «Отан» өлеңімен қорытындыланды.

Ақын мұрасын ұлықтауға бағытталған бұл бастама әскери қызметшілердің рухани-мәдени өміріндегі маңызды шаралардың бірі болды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар