жұма, 27 желтоқсан, 2024 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскери спортшы 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты

Әскери спортшы 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Әскери спортшы 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты
Екі сағат ішінде ол 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Осыдан бір жыл бұрын Бауыржан қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Жалпы, бұл оның осындай жарыстағы сегізінші жеңісі.
Мен өз рекордымды ерік-жігері мықты қазақ халқына арнадым. Әрине, күш-қуат тұрғысынан оңай болған жоқ. Бірақ шыдамдылық пен күнделікті жаттығулар өз нәтижесін көрсетті. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Алға Қазақстан, - деді спортшы.
Ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Орталық спорт клубында 2017 жылдың мамыр айынан бастап коменданттық взводтың аға сарбазы лауазымында қызмет атқарып келеді. Спортшы Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Биыл Отан қорғаушылар күніне орай ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр. Дереккөз: Baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар