Әскери спортшы 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты
Әскери спортшы 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты
Екі сағат ішінде ол 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Осыдан бір жыл бұрын Бауыржан қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Жалпы, бұл оның осындай жарыстағы сегізінші жеңісі.
Ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Орталық спорт клубында 2017 жылдың мамыр айынан бастап коменданттық взводтың аға сарбазы лауазымында қызмет атқарып келеді. Спортшы Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Биыл Отан қорғаушылар күніне орай ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр. Дереккөз: Baq.kz