жексенбі, 24 қараша, 2024 20:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскери қызмет өткермегендерге әскери билет беруді алып тастау ұсынылды - қорғаныс министрлігі

Әскери қызмет өткермегендерге әскери билет беруді алып тастау ұсынылды - қорғаныс министрлігі
ашық дереккөзі
Әскери қызмет өткермегендерге әскери билет беруді алып тастау ұсынылды - қорғаныс министрлігі
Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мақсатында қорғаныс ведомствосы шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктерден бас тартуды, сондай-ақ әскери қызмет өткермеген азаматтарға әскери билет беруді алып тастауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Жамбылинфо министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл ішкі көші-қон кезінде азаматтарды әскери есепке қою және одан шығарудың қажеттілігін алып тастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке қатынасы, оны өткеру және әскери есепке алынуы туралы мәліметтер «e-gov» порталындағы жеке кабинетте көрсетіледі. Қажет болған жағдайда оны мемлекеттік органдар пайдалануы немесе сұратуы мүмкін. «Осыған сүйене отырып, әскери билет пен тіркеу куәліктерін пайдаланудың орындылығы бірқатар жағдайларда өзекті бола бермейді. Сонымен қатар, әскерге шақыру және әскери қызметке кіру кезінде әскери билеттер бұрын белгіленген тәртіппен беріледі», - деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов. Мамандардың пікірінше, ұсынылған жаңалықтар қаржыны үнемдеуге ықпал етеді. Бланкілерді сақтау, шығару және беру жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің шығындарын да едәуір азайтпақ. Одан өзге әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамынан жоғалту немесе бүлдіру фактілерін алып тастауға мүмкіндік береді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылдан бастап «Әскерге тіркеу билеті» қолданыстан алынады. Дереккөз: http://inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар