Әскери қызметші өзін-өзі атып, қайтыс болды
Әскери қызметші өзін-өзі атып, қайтыс болды
ҚР Ұлттық ұланы келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі өзін-өзі атқан "Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15:15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметші Абылай Сабыров (2001 жылы туған) 3650 әскери бөлімінде (Алматы қаласы) өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді ведомствода. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.