Жаңалықтар

Скриптонит концертінде қаңтар оқиғасында қаза тапқан құрбандарды бір минут еске алды

Скриптонит концертінде қаңтар оқиғасында қаза тапқан құрбандарды бір минут еске алды

Күні кеше Скриптонит деген сахналық лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында үлкен концерт өткізді. Кешті ол Қаңтар оқиғасының құрбандарын, Украинадағы соғыста қаза тапқан боздақтарды, әлі күнге дейін өмірі қиылып жатқан украиналықтарды еске алудан бастады. Сол азаматтарға құрмет ретінде бір минуттық үнсіздік жариялады.