сенбі, 23 қараша, 2024 2:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда қызылша вирусы үш рет асқынған- Денсаулық сақтау министрі

Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда қызылша вирусы үш рет асқынған- Денсаулық сақтау министрі
ашық дереккөзі
Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда қызылша вирусы үш рет асқынған- Денсаулық сақтау министрі
2023 жылы Қазақстанда шамамен 30 мың адам қызылша жұқтырған 2023 жылдың соңында Қазақстанда қызылша жұқтырғандардың саны 29 648 адамға жеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо. Ғинияттың айтуынша, соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда қызылша вирусы үш рет асқынған. “Соңғы 15 жылдың ішінде республикада 3 рет қызылша ауруының өсуі тіркелді, бұл 2005, 2015, 2019 жылдары. Аурудың кезекті өсуі 2023 жылы басталды. 2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80% - 14 жасқа толмаған балалар”,-деп мәлім етті Ғиният. Ал, жыл басынан бері, небары 9 күн ішінде еліміз бойынша тағы 1674 адамнан қызылша анықталған. Сонымен қатар, ДСМ басшысының мәліметіне сүйенсек, вирус жұқтырған балалардың көбі вакцина алмаған балалар. “Вакцина салмаған балалардың арасында қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеуді ескере отырып, былтыр қыркүйекте Үкіметтің  резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 1,5 млн.дозасы сатып алынды. Қараша айынан бастап аталған инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүріп жатыр”,-деді Ғиният.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар