Жаңалықтар

Соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылық салдарынан 300 адам көз жұмды - Президент

Соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылық салдарынан 300 адам көз жұмды - Президент

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. Соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 878 фактісі және орташа зиян келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.