Жаңалықтар

Соңғы аптада коронавирус жұқтырушылар саны 21%-ға артқан

Соңғы аптада коронавирус жұқтырушылар саны 21%-ға артқан

ВАК отырысында коронавирус тараған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қолданылатыны айтылды деп хабарлайды Жамбылинфо. Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Тәулігіне  КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін). «Бүгінгі таңда барлық өңірлер – “жасыл” аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.