Жаңалықтар

Соңғы қоңырау шараларын өткізуге ешқандай шектеу жоқ – вице-министр

Соңғы қоңырау шараларын өткізуге ешқандай шектеу жоқ – вице-министр

«Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараны 1 маусым – балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды. Ал Аттестат тапсыру шараларын 20,21,22 маусым күндері өткізуді ұсынып отырмыз», - деді Шолпан Каринова. Вице-министр сынып сағатын өткізу, аттестат тапсыру кезінде ата-аналардан аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін және педагогтерге сыйлық жасау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті.