дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келді - полиция

Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келді - полиция
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келді - полиция
Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келіп, көші-қон көлемі екі есе артты. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Соңғы тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келді. Көші-қон ағыны екі есе артты. Осыған байланысты көші-қон қызметі басқармасы шетел азаматтарының облыс аумағында болу тәртібін еске салады. Шетелдік азамат ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктің нақты болған жері бойынша ішкі істер органдарын хабардар етеді. Бұл рәсімді «e.Qonaq» ақпараттық жүйесі немесе «визалық және көші-қон порталы» арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстан аумағына келген Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстан азаматтары 90 күнге дейін елден тыс жерлерге кетуге міндетті. Көрсетілген мерзімнен артық болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ларға жүгініп, уақытша тұруға рұқсат ресімдеуі қажет», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар