сейсенбі, 20 мамыр, 2025 20:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соғыс ардагері Шалданбай Шаңбаевқа ерекше құрмет көрсетілді

Соғыс ардагері Шалданбай Шаңбаевқа ерекше құрмет көрсетілді
Фото: Jambylinfo.kz
Ұлы Отан соғысының ардагері, елінің нағыз батыр ұлы Шалданбай Шаңбаевқа Отан алдындағы ерен еңбегі мен жауынгерлік ерлігі үшін ерекше құрмет көрсетілді. Ардагерге арналған салтанатты шараға жүзге жуық әскери қызметші қатысты.

Іс-шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы Алғыс хатын Шалданбай Шаңбаевқа салтанатты түрде табыстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шара аясында әскери қызметшілер сап түзеп, ардагердің алдында құрмет көрсетіп, әскери шеру өткізді. Жиналған жұртшылық бұл көріністі үлкен тебіреніспен тамашалады.

Сөз сөйлеген генерал-майор Ержан Ибраев:

– Сіздердің ерліктеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Біз Сіздерді әрдайым мақтан тұтамыз, – деп ардагерге шынайы алғысын білдірді.

Ардагерге арналған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар соғыс жылдарын еске алды.

Ұлы отан соғысының ардагері Шаңбаев Шалданбай 1924 жылы 10 ақпанда «Жаңатұрмыс» ауылында дүниеге келген.

Меркі аудандық әскери комисариатынан 1942 жылы 15 тамызда әскерге алынған. Соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227 полкі құрамында майданда болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалып, елге 1949 жылы оралған.

Бұдан соң ол трактор бригадасының бригадирі, санақшы болып жұмыс істеді. 1959 жылдан 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін "Жаңатұрмыс" колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болған.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Маршал Жуков", және мерекелік медальдармен марапатталған.

Ғасыр жасаған қария әйелі Мәкен Шанбаевамен бірге 9 баланы өсірген. Қазір ұл-қыздарынан 32 немере, 40-тан аса шөбере сүйіп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагер бар. Оның 8-і облыс орталығында, қалған 2 майдангер Байзақ, Меркі аудандарында тұрады. Жыл сайынғы бір реттік көмек ретінде биыл оларға 1,5 млн теңгеден қаржы берілді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар