сәрсенбі, 2 қазан, 2024 3:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Жамбылинфо агенттігі  Алау басылымына сілтеме жасап.

Оқиға «ССКБӨБ» АҚ аумағында болған. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

Кеше WhatsApp мессенжерінде пайдаланушылар бір-біріне сурет таратты.

Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінде жұмысшыны ток соққаны айтылады.

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы мерт болды. «ССКБӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады кәсіпорыннан.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар