«Сол баяғы жемқорлық»: Тәуекел Мүсілім Олимпиадада еліміз Өзбекстаннан артта қалғанына налыды
Актёр спорт саласындағы жемқорлықты ашық сынаған
Актер Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасында Қазақстанның Өзбекстаннан төмен көрсеткіш көрсетуіне елдегі сыбайлас жемқорлық себеп болғанын алға тартқан, деп жазады Jambylinfo.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазған.
“Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", – деп жазды актёр.
Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиададағы нәтижесін де салыстырды.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 43 -орында, ал Өзбекстан 13-орында тұр. Ал бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар.
Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде) алса, Өзбекстан құрамасы 13 медаль
(8 алтын, 2 күміс, 3 күміс) медальмен жалпы есепте 13 орынға тұрақтады