дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды
Фото - ТЖМ
Өңірде барлығы 347 тұрғын үй зерттелген

Орталық коммуникациялар қызметінде СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин облыстағы 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алғанын айтты, деп жазады Jambylinfo.kz

Серік Ғайсиннің сөзінше, 2972 отбасыға төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады


«Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3807 өтініш түсті. 2972 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады», - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.


Облыста барлығы 347 тұрғын үй зерттелген. Сонымен қатар, 125 тұрғын үйге бағалау жүргізілген. 23 тұрғын үй қалпына келтіруге жатады. Қала аумағында 34 саяжай серіктестігі су астында қалған.

Айта кетейік, республика бойынша 41195 адам өз үйлеріне оралды. 6377 адам эвакуациялау пункттерінде.
Еліміз бойынша 7184 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 13,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонн
а инертті материал төселді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар