Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 25 қаңтар, 2023
- 288
Солтүстік Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Солтүсік Қазақстан облысында көктемде 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Себебі аймақта қар құрамындағы ылғал мөлшері жоғары. Әрі топырақ 1,5 метрге дейін тоң болып қатып қалған. Демек көктемде еріген қар суы жерге тез сіңбейді. Қазір облыста 19 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. Ең ірі су қоймалары бақылауға алынды. Есіл өзеніндегі мұз қалыңдығы 50 сантиметрге жетіп, тасқын қаупін күшейтіп тұр. Өйткені мұз көбесі сөгілген кезде өзенде кептеліс болып, су арнасынан асып кетуі мүмкін. Мамандар мұз қалыңдығын 10 күн сайын өлшеп отыр.
Қар құрамындағы ылғалдың үлесі жылдағы мөлшермен салыстырғанда 15 пайызға көп. Өйткені қараша айында қарлы-жаңбыр көп болды. Жер бетінің терең қатып қалуы және қардағы ылғал – тасқын қаупін саралауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш болып саналады-Қымбат Мерғалимова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиал директоры.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала