Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болып, 2 адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болып, 2 адам көз жұмды

Мамлютка - Қостанай автожолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты. Оқиға 7 қаңтарда болған. Nissan Murano, Audi A6 және Toyota Avensis автокөліктері соқтығысқан.  Салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды.  Жол апатынан тағы сегіз жолаушы зардап шекті. Олар түрлі дене  жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.