Солтүстікте қар, оңтүстікте жылымық: Алдағы күндердегі ауа райы

Солтүстік аймақтарда солтүстік-батыс циклонының ықпалынан қар жауып, қатты жел соғады. Көктайғақтың болу қаупі жоғары.
«Қазгидромет» алдағы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Керісінше, батыс пен оңтүстікте күн ашық, жылы ауа райы күтілуде. Елдің көп бөлігінде тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Температура көрсеткіштері де айтарлықтай өзгеше:
Солтүстік пен шығыста түнде суық сақталып, -17°С-тан -25°С-қа дейін төмендейді.
Батыс пен оңтүстікте керісінше, түнде 4-5°С жылылық сақталып, күндіз температура +22°С-қа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райының құбылмалы сипаты сақталады.