Жаңалықтар

Сондай шешім болса дайынмын – Денсаулық сақтау министрі отставкасы жайлы

Сондай шешім болса дайынмын – Денсаулық сақтау министрі отставкасы жайлы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отставкасы туралы сұраққа жауап берді. «Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі мәселесі көп болатын әлеуметтік сала. Бұл туралы президент те айтты. Қазір министрлік, оның ішінде мен де осы мәселелерді шешуге тырысып жатырмыз. Отставка, тағайындау мәселелерін мемлекет басшысы шешеді. Сондықтан мұндай шешім қабылданса, мен дайынмын», - деді Ғиният Сенат отырысында. Бүгін Сенатта денсаулық сақтау мәселелеріне арналған үкімет сағаты өтіп, тиісті министрлікке тағы да көп сын айтылды. «Өмір сүру ұзақтығы қысқарды, нәрестелер мен ана өлімі өсті, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі көп күттірмейді», - деді сенатор Ольга Перепечина.