сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сортөбедегі мереке

Сортөбедегі мереке
ашық дереккөзі
Сортөбедегі мереке
  Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мереке болып аталып өтуде. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде ауданда әрдайым кең көлемде аталып келеді. Бүгінде елімізде жүз отыздан астам өзге ұлт өкілдері болса, оның отыздан шақтысы Қордай ауданында тұрады. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан өзге ұлттардың қашанда қазақ халқына деген алғысы шексіз. Соның бір айғағы күні кеше Сортөбе ауылында Алғыс айту күніне орай «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шарада өзге ұлт өкілдері өнерлерін ортаға салып, көрермендерді тәнті етті. Мәселен, Ким Тимур қазақтың қара домбырасымен «Әке толғауы» күйін орындап, көрермендердің ықласына бөленді. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінен құралған «Ромашки» балалар вокал тобы «Нұраға» әнін орындағанда тамсанғанбаған халық қалмай, қошеметін жаңбырша жаудырды. Ән-күйден бөлек өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің арқасында жеткен жетістіктерін айтып, ойларын ортаға салды. Солардың бірі, бүгінде Сортөбе ауылында мұғалім қызметін атқаратын И.Хуров қазақ елінде тұрып қазақша білмеу үлкен ұят деп санайды. Ал, «Азери» этномәдени орталығының мүшесі Т.Невтуллаева қазақ тілінде мүдерместен сөйлеп өзгелерді де мемлекеттік тілді еркін меңгеруге шақырса, «Йинпан» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Э.Суларов қазақ тілін үйренуді отбасы тәрбиесімен байланыстырады. Өзі әке-анасының тәрбиесі мен ақылы арқылы бүгінде қазақ тілін жетік меңгерген. Сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының жетекшісі К.Дургаловада сөз алып, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді меңгеруге шақырды. Сонымен қатар, айтулы мерекемен құттықтау үшін Жамбыл облысы мен Қордай ауданының құрметті азаматы Төле Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет пен облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі Айша Идыбо сөз алып, ыстық ықыластарын жеткізді. Биыл еліміз үшін мерекелі жыл болып отыр. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар көптеген ұлы тұлғалардың мерейтойлары атылып өтілмек. Осы кеште, өзге ұлт өкілдері жыр алыбы Жамбыл Жабаев, мұзбалақ Мұқағали Мақатаев пен ақын Күләш Ахметовалардың өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтып беріп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, сахнада түрлі өзге ұлт өкілдері  бірге «Қазақтай ел қайда» әнін орындағанда залдағы көрермен орнынан тұрып, қол соқпасқа амалы болмады. Осылайша, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» іс-шарасы көпге үлгі болғаны анық.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар