Жаңалықтар

Сот отырысы университетте өтті: Қостанайда есірткі таратқан 2 студент қыз 10 жылға сотталды

Сот отырысы университетте өтті: Қостанайда есірткі таратқан 2 студент қыз 10 жылға сотталды

Прокуратураның өтініші бойынша сот процесі А.Байтұрсынов атындағы оқу орнында 300 студенттің алдында болды. 19 жастағы колледж студенттері қаңтарда ұсталған. Полицейлер олардан ақ түсті ұнтақ салынған 50 түйіншек және 192 грамм мефедрон тәркіледі. Сот үкімімен қыздар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.