жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот шешімі болуы керек – Ақпарат министрі Ресей арналарын шектеу жайлы

Сот шешімі болуы керек – Ақпарат министрі Ресей арналарын шектеу жайлы
ашық дереккөзі
Сот шешімі болуы керек – Ақпарат министрі Ресей арналарын шектеу жайлы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Ресей арналарын шектеу керек пе, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қалай қорғауға болады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер Мәжіліс кулуарында министрден «Украина мен Ресей арасында соғыс болып жатыр. Оны сіз білесіз. Қазақстандықтарды Ресей пропагандасынан қалай қорғаймыз? Ресейлік телеарналары шектеу қою керек пе? Бүгінде Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қалай қорғауға болады?» деп сұрады. Бұл сұраққа жауап берген Дархан Қыдырәлі «ақпараттық қауіпсіздік біздің басым бағыттарымыздың бірі» деп жауап берді.
«Бірақ біз соттың үкімімен ғана шектей аламыз. Осыған байланысты азаматтарымыздың шағымы мен сот үкімі болса, біз оны орындаймыз. Заңбұзушылық болған жағдайда соттың шешімі болса, біз оны орындаймыз. Қазір жалпы мониторинг жасап отырмыз. Бұған қатысты көптеген мәселе Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде», - деді ол.
Министрдің айтуынша, күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Қазақстан азаматтарының дұрыс ақпарат алуы. Сондықтан бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Жаңа айттым, бұл мәселе Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде. Сондықтан біз министрлік өз бетімізше ондай шектеумен айналыспаймыз. Жалпы азаматтардың пікірін біз қазір көріп отырмыз. Мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді министр. Дархан Қыдырәлі «шектеу қою керек деп қазақстандықтар сізге шағым түсірсе, сіздер оны қарастырасыздар?» деген сұраққа «соттың шешімі болса, қарастырамыз» деді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар