Сот әйелін ұрды деп айыпталған дипломатты қамауға алды
Соттың үкіміне сәйкес дипломат 15 тәулікке қамауға алынған
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісіне қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады, – деп хабарлайды jambylinfo. kz. Aikyn.kz- ке сілтеме жасап.
Істің мән-жайы бойынша М. жанжал барысында жұбайына физикалық күш қолданған. Істі сот М. әкімшілік жауапкершілікке тартылған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің санкциясы шеңберінде қарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының санкциясы ескерту түріндегі жазаны немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ