Жаңалықтар

Сотталған азаматтармен оңалту мекемесінің қызметкерлері сұхбаттасты

Сотталған азаматтармен оңалту мекемесінің қызметкерлері сұхбаттасты

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №58 мекемесінде, облыстық департамент және оған бағынысты мекемелердің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 16-ақпанында сотталғандар арасында дәстүрлі емес діни ағымын ұстанушы ретінде анықталған 20 сотталғанды мекеменің әкімшілік ғимаратына жинап, № 25, № 67, № 59 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының қызметкері жеке және  топтық  сұхбаттар өткізді. Сұхбаттың басты мақсаты, аталған сотталған азаматтардың оңалтуға оң әсірін тигізу. Сұхбат барысында ҚР ІІМ-ң №503 бұйрығына сай, мекеменің ішкі аумағында Жамағатпен жиналып намаз оқуға болмайтыны түсіндірілді. Сотталған азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды, айта кетсек ең маңыздысы сотталғандар сапарда жүргенде сапар намазын қалай оқуға болатыны туралы жеткізіліп сұрады. Тиісінше, қойылған сұрақтарға толық дәрежеде жауабтар түсіндірілді. Алдағы уақытта, жоғарыда аталғандай іс-шаралар Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті тарапынан әрі қарай жалғасын тауып, оң нәтижесін береді.