Сотталған экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 10 ақпан, 2025
- 887

«Мен, Мұхамедиұлы Арыстанбек, мәлімдеймін: заңсыздық пен сот корпусының заңсыз әрекеттеріне қарсы наразылық белгісі ретінде өміріммен қоштасқанға дейін аштық жариялаймын », – делінген хабарламада.
Фото:Арыстанбек Мұхамедиұлының фейсбук парақшасынан
Экс министр халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 221 миллион теңгені жымқыру ісі бойынша жазасын өтеп жатыр. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырған. 2024 жылдың басында экс-шенеуніктің жазасы 11 жылға дейін ұзартылды, оған себеп – пара алуға талпыну әрекеті.
Өткен жылдың соңында Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Онда экс-министр өз пікірінше әділетсіздік пен заң бұзушылықтың мысалдары болып табылатын жағдайларды егжей-тегжейлі баяндаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз