жұма, 27 желтоқсан, 2024 15:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталғандарға дәстүрлі діни танымдық және қазақ тарихынан түсіндіру жұмыстары

Сотталғандарға дәстүрлі діни танымдық және қазақ тарихынан түсіндіру жұмыстары
ашық дереккөзі
Сотталғандарға дәстүрлі діни танымдық және қазақ тарихынан түсіндіру жұмыстары
Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бақтияр Алпысбаев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде сотталғандармен кездесті. Кездесуде діни және тарихи тақырыптарда жан-жақты әңгіме қозғалды. Ол 751 жылы Орта Азияға ең алғаш Ислам дінінің келуі және қалыптасу жолдарынан бастап, уақыт өте келе түркі халқы өздерінің көк тәңірлік сенімінен ажырап ислам дінін өз еркімен синтез ретінде қабылдағаны жөнінде тарихи мәліметтер келтірді. Осы уақытқа дейін бүкіл түркі халықтары ислам діні негізінде өздерінің мұсылмандық болмысын жоғалтпай дін рәсімдерін орындауда. Сотталғандар түркі халықтарының мұсылмандық болмысын дамытқан, ислам дінінің мән-мазмұнын рухани ілімін әрі қарай дамытқан Қожа Ахмед Ясауи бабамыз екенінен хабардар болды. Ясауи бабамыздың «Диуани хикмет» деген еңбегі бүкіл түркі халықтарына үлкен рухани серпіліс берді. Оның ішінде қазақ халқының ағартушылары да жыраулар, ишандар, ахундар ислам дінінің рухани ілімін қазақтың дәстүрлі діни танымына сәйкес ислам мәдениетін қазақ мәдениетіне сәйкестендіріп түсіндіріп отырды, деді спикер. Жалпы осындай тақырыптағы ұлттық құндылықтар туралы және діни-рухани сұхбаттар түзеу мекемесінде сотталғандарға үлкен әсер береді. Келесіде сотталғандарға дәстүрлі діни таным және тарихи тақырыптарда бейнероликтерді көрсету, тарихи-әдеби кітаптармен қамтамасыз етілу қажет екендігі сөз болды. Өйткені, өзінің ұлттық тарихын білген азаматтың бойында әрқашанда өз еліне деген патриоттық қасиеті қалыптасады. Түзеу мекемеде сотталғандардың саналарын тәрбиелеу өте өзекті мәселенің бірі. Сол үшін адамды жақсы жолға тәрбиелеу мақсатында ең алғашғы берілетін насихат - ол қазақ халқының өзіне тән рухани құндылығы, ұлттық тарихы, дәстүрлі діни танымы және ой-санасына ықпал ету керек, дейді ұлт жанашырлары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар