Жаңалықтар

Сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған азамат ұсталды

Сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған азамат ұсталды

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні шамамен 04 сағат 40 минутта #58 мекемесінің периметрін шолу барысында, жедел-режимдік ақпаратқа сай режим бөлімінің бастығы әділет майоры С. К.Рахимовпен және мекеме қызметкерлерімен сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған азамат Ш. ұсталынды. Тінту барысында 3 дана жапсырмалы қорапшалар тәркіленген. Нәтижесінде, 2 дана ұялы телефондар, 270 дана дәрі-дәрмектер, 2 литр спирттің иісі бар ішімдіктер, 714,66 грамм кептірілген марихуана, 34,66 грамм смола каннабиса, 133,18 грамм кептірілген марихуана тәркіленген. Аталған тұлға қамауға алынды.