Жаңалықтар

Сотталғандар арасында мәдени еске алу спорттық іс-шаралар өткізілді

Сотталғандар арасында мәдени еске алу спорттық іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік үшін құрбан болған тұлғаларды еске алу мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №59-мекемесінде сотталғандар арасында мәдени еске алу спорттық іс-шаралар өткізілді. Сотталғандардың патриоттық сезімін көтеруге бағытталған іс-шарада кіші футболдан, үстел теннисінен және шахматтан спорттық сайыстар ұйымдастырылып, тартысты өтті. Сотталғандар арасында моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруға бағытталған еске алу іс-шарасы желтоқсанның 16-сы мен 18-і аралығында ұйымдастырылды.