Жаңалықтар

Сотталғандар "Тағдыр тәлкегі" атты қойылымды тамашалады

Сотталғандар "Тағдыр тәлкегі" атты қойылымды тамашалады

Сотталғандар "Тағдыр тәлкегі" атты қойылымды тамашалады Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі сотталғандар арасында діни экстремизм мен террозимнің алдын алу мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен бірлескен жоспарға сай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері "Тағдыр тәлкегі" атты қойылымды жазасын өтеушілер назарына ұсынды. Жалпы, бұл қойылымды тамашалаған жан ерекше әсерге бөленіп, қоғамда болып жатқан оқиғалармен бетпе-бет келгендей күй кешеді. Қорыта айтқанда, спектакльді көрген адам әр сәттің қадірін біліп, бақытты алыстан іздемеуді үйренеді.