СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі мен тәрбие жұмысы – жалпы алғанда бастауыш, негізгі және орта, жалпы орта білім алу, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал етуден бастау алады. Сондай-ақ, қоғамдық-пайдалы еңбек те сотталғандарды түзеудің негізгі құралы болып табылады.
Қоғамға пайдалы еңбек қатынастарының дамуы – сотталғандардың теріс қылықтарын жойып, тұлғалық жеке қасиеттерін қалыптастыруға көмегін тигізеді. Ал кәсіпорындардағы жұмыс кезінде сотталғандардың арасындағы оң қарым-қатынас тудырып, адамгершілік қасиеттерін күшейте түседі.
Бүгінгі таңда, ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің өндірістік аумағында «Еңбек-Тараз» РМК филиалының тігін цехында 9 сотталған азамат ақылы жұмыстармен қамтылған. Олардың адал еңбектері мен мінсіз жұмыстарын ескеріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай РМК «Еңбек-Тараз» филиалы директорының бастамасымен тігін цехының жұмыскерлеріне алғыс хат тарту етілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала