Сотталғандардың жұмыс орындарында болуы – қатаң бақылауда
Сотталғандардың жұмыс орындарында болуы – қатаң бақылауда
Бүгінде жабық мекемелерде жазасын өтейтін жазалы жандарды жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылған. Бұл мақсатта түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көптеген өндіріс орындарымен келісімге келуде. Осылайша, темір тордың арғы жағындағыларға «екі қолға бір күрек» табылуда. Алайда, ҚАЖ қызметкерлерінің ықпал етуімен ақылы жұмыстарға орналасқан сотталғандардың кейбірі тәртіпке бағынғысы келмейді-ақ. Дәлірек айтқанда, түрлі сылтаулармен жұмыс уақытында жұмыс орындарында болмайтыны, заң жүзінде жазасын өтеушілерге қатаң түрде тыйым салынған (ұялы телефон т.б.) заттарды пайдаланатыны жасырын емес. Мұндайда түзеу мекемесіндегі режим тобының жедел уәкілдері іске қосылып, оларды қатаң бақылауға алады. Яғни, жұмыс орнында болуын тексереді, талап етеді. Жуырда ЖД-158/5 мекемесі режим тобының жедел уәкілі әділет лейтенанты Мақсат Тәртіпбек шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда еңбек ететін сотталғандардың жұмыс орындарына арнайы барып, мекемеде жазасын өтеушілердің тәртібін қадағалап қайтты. Нәтижесінде, заңға қайшы белгілі бір фактілер тіркелген жоқ.