сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс

Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс
ашық дереккөзі
Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс
Қоғамға пайдалы еңбек - сотталғандардың жаман қылықтарын жойып, жеке қасиеттерін қалыптастыруға көмегін тигізеді. Сондықтан сотталған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету қашанда маңызды мәселелердің бірі болуда. Еңбек пен бейнет адам баласының бойына жақсы қасиеттер баулайтыны әлде қашан дәлелденген. Жұмыспен қамтамасыз етілген сотталғандар жұмыссыз жүрген сотталғандарға қарағанда, түзеу жолына ертерек түсетіндері байқалады. Мекеме әкімшілігі сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастырып, төлем ақы және мамандық алатын мүмкіндіктер туғызып, соттың үкімі бойынша талабы бар сотталған азаматқа қарыздарын өтеуге жақсы жағдай ұйымдастыруда. Бүгінгі күнде ҚР ІІМ «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекеме аумағында 297 сотталған азамат ақылы жұмыстармен қамтамасыз етілуде, оның ішінде РМК «Еңбек-Тараз» кәсіпорнында 46 сотталған, шаруашылық қызметінде 50 сотталған және 12 жеке кәсіпкерлікте 201 сотталған. Басым көпшілігі мекеме аумағынын жұмыс орындарын ашып, ақылы жұмыстармен 201 сотталғанды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер. Басты бағыттары ағаш пен темір бұйымдарын жасау. Жеке кәсіпкерлерді тарту жұмыстары 2016 жылдан бері жалғасуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар